«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-ның коронавирустық инфекцияның таралуын алдын алу бойынша қабылдап жатқан шаралары туралы

16 наурыз 2020

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-да коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау бойынша шаралар кешені қабылданды. Орталық аппарат пен барлық еншілес ұйымдарда арнайы оперативтік штабтар құрылды.

ҚМГ үшін қызметкерлердің қауіпсіздігі және үздіксіз жұмысты қамтамасыз ету басымдық болып табылады. Атап айтқанда, мынадай шаралар қабылданды:

1. Офистік және өндірістік ғимараттарда дезинфекция жұмыстары жүргізілуде. Қызметкерлер арасында жеке гигиенаны сақтау шаралары туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.

2. ҚМГ барлық тобы бойынша қызметкерлердің Қазақстан аумағына, сондай-ақ шетелге іссапармен барудың барлық түрлеріне тыйым салынды.

3. Барлық көпшілік іс-шаралар тоқтатылды.

4. Қызметкерлердің бір бөлігін қашықтықтан жұмыс жасау форматына ауыстыру бойынша шаралар қабылдануда.

5. Өндірісте адамдар көп жиналатын жерлерде дезинфекция жүргізу, сондай-ақ қызметкерлердің дене қызуын өлшеу бойынша барлық қажетті шаралар қабылдануда.

2020 жылғы 15 наурыздағы жағдай бойынша коронавирустық инфекцияға шалдыққан ҚМГ қызметкерлері анықталмады. ҚМГ-ның барлық кәсіпорындары қалыпты жағдайда жұмыс істеп тұр.

Вернуться назад

Комментарии

Оставить комментарий

Басқарма блогы

Киякбаев Зияш Калдыбекович
Бас директор
Мин Хайхуэй
Бас директордың бірінші орынбасары

Сауал қою