Кәсіби мереке
07 қыркүйек 2015
Өздеріңізге белгілі қыркүйек айының бірінші жексенбіcі- Қазақстан Республикасының мұнай кешені, газ және отынмен жабдықтау саласы қызметкерлерінің кәсіби мерекесі. Мерекеге орай 7 қыркүйек күні «Қазгермұнай» БК» ЖШС –нің Бас кеңсесі ауласында жергілікті және қазақстан эстрада жұлдыздарының қатысуымен концерттік-құттықтау бағдарламасы ұйымдастырылды. Шара барысында үздік қызметкерлерге «Қазгермұнай» БК» ЖШС, Серіктестік Қатысушыларының, сонымен қатар мұнай-газ кешені қызметкерлері кәсіподағының Орталық салалық кеңесінің алғыс хаттары мен марапаттары табысталды.
Қыркүйектің 8 күні мерекелік іс-шаралар Ақшабұлақ және Нұралы кеніштерінде ұйымдастырылды. Мерекелік дстархан жайылып, жанды музыка ойналып, қатысушылар арасында байқаулар ұйымдастырылды. Үздік қызметкерлерге алғыс хаттар мен бағалы сыйлықтар табыс етілді.
![]() |
![]() |