Ұлы Жеңіске 70-жыл мерейтойына арналған қайырымдылық шарасы
09 мамыр 2015
Ұлы Жеңістің 70 жылдығы мерекесі қарсаңында 9 мамыр күні «Қазгермұнай» БК» ЖШС Ұлы Отан соғысы мен тыл ардагерлеріне арнап қайырымдылық шарасын өткізді. Бүгінгі ардагер – кешегі жауынгер. Жеңіс шыңына жету жолында аянбай үлес қосқаны баршамызға мәлім. Тыл ардагерлері де Отанымызды қорғау жолындағы ауыртпалықты нардай көтеріп, төзімділік пен қайсарлық танытқан ерен еңбектері арқылы жеңіске жетуге теңдессіз үлес қосты. Еңкейген қариядан, еңбектеген балаға дейін, одан қалса еңбектің ауырлығы мен қиындығын мойымаған ардагер апа-аналарымыз да тылда аянбай еңбек етті.
Қайырымдылық шарасын өткізуге ат салысқан мекемеміздің ынталы Жас мамандар кеңесінің мүшелері бас директор Кәрім М.С. пен бас директордың бірінші орынбасары Жэнь Лисинь мырзаның ардагерлерімізге жолдаған құттықтау хаттарын табыстап, мекеме атынан қымбат бағалы сыйлықтар мен азық түліктерді табыс етті.