М. Мырзағалиев: «Біздің басты байлығымыз мұнай емес –адамдарымыз»

10 қазан 2022

7-8 қазан күндері Ақмола облысының Зеренді демалыс аймағында Жаңаөзен қаласының кәсіподақ көшбасшылары «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ (ҚМГ) басшылығымен кездесті.

«ҚазМұнайГаз» бастамасымен кәсіби біліктілікті арттыру тренингі ретінде өткен екікүндік жиында кәсіподақ ұйымдарының белсенділері ҚМГ басшылығына «Өзенмұнайгаз» компаниясындағы өзекті мәселелер жайлы баяндап, оны шешу жолдары мен жергілікті тұрғындардың әлеуметтік жағдайын жақсарту бойынша ұсыныстарын ортаға салды. Әңгіме барысында өндіріспен қатар, жұмысшылардың кәсіби біліктілігін, еңбек пен тәртіп өнімділігін арттыру секілді тақырыптар да қозғалды.

«Біздің басты байлығымыз мұнай емес – адамдарымыз. Жұмысшылардың әлеуметтік жағдайын жақсарту, кәсіби біліктілігін арттыру, білімін тереңдету, басын біріктіріп, ауызбіршілігін нығайту – компанияның басты міндеттерінің бірі. Біз бетпе-бет жүздесіп, өзекті мәселелерді ашық талқылап, сенімді диалог орната білдік. Мұндай еркін, бейресми кездесулерді тұрақты түрде өткізетін боламыз», - деп атап өтті ҚМГ Басқарма төрағасы Мағзұм Мырзағалиев.

Зерендіде өткен екікүндік жиын ұлттық компания басшылығы мен жұмысшылар арасындағы диалогты одан әрі нығайтуға, сенім мен ашықтыққа негізделген байланыстың беки түсуіне мүмкіндік берді. Бұл туралы кездесуден кейін «Өзенмұнайгаз» жұмысшыларының жергілікті кәсіподағы» қоғамдық бірлестігінің №1 мұнай-газ өндіру басқармасының кәсіподақ өкілі Әлібек Сәрсенов баяндап берді.

«Дәл осындай бейресми жолдастық кездесулер адамдарды шынымен жақындастырады. Бүгінгі жиынның нәтижесінде «ҚазМұнайГаз» басшылығы мен Жаңаөзен қаласының кәсіподақ өкілдері түйткілді мәселелерде ортақ келісімге келіп, өзара сенімді қарым-қатынас орнатты. Ал тренингке келер болсақ, еңбек жанжалдарын тиімді шешудің жаңа дағдыларын игеру тұрғысынан құнды ақпарат алдық», - деді жаңаөзендік маман.

Семинар соңында кәсіподақ өкілдері Жаңаөзен қаласынан 50 оқушы білім алып жатқан High School of Burabay мектеп-интернатына барды. «Өзенмұнайгаз» АҚ бастамасымен, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ және «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қорының қолдауымен жүзеге асқан «Жарқын болашақ» жобасымен биыл жаңаөзендік 50 оқушы Бурабайда орналасқан мектеп-интернатқа оқуға түсті. Оқушылар жерлестерін үлкен ықыласпен қарсы алып, Бурабай курортында орналасқан еліміздегі ең таңдаулы мектептердің бірінде оқу туралы әсерлерімен бөлісті.

Кездесуге ӨМГ бас директоры Мақсат Ибағаров, мұнай-газ өндіру және сервис бойынша құрылым басшылары, кәсіподақ өкілдері мен ӨМГ кәсіподақ ұйымдарының (10 мың мүше), ҚМГ мұнай сервис ұйымдарының көшбасшылары, сондай-ақ «ҚазГӨЗ» ЖШС кәсіподақ төрағасы қатысты.

Вернуться назад

Комментарии

Оставить комментарий

Басқарма блогы

Лю Шаою
Бас директор
Ізмұханбет Ринат Нұрғожаұлы
Бас директордың бірінші орынбасары

Сауал қою