«Мектепке апарар жол» қайырымдылық акциясы
01 қыркүйек 2016
Серіктестік жыл сайын компания бюджетінен демеушілік және қайырымдылық қызметтерге қаражат бөледі. Мысалы, жыл сайын өткізіліп отыратын «Мектепке апарар жол» республикалық қайырымдылық акциясы шеңберінде ағымдағы жылы Серіктестік жағдайы төмен, аз қамтылған отбасылардан шыққан балаларға, мүгедек балаларға, жетім балаларға және т.б. мектеп киімі мен керек-жарақтарын (иыққаптар, кеңсе тауарлары және т.б.) таратуды ұйымдастырды.
Қайырымдылық акциясымен Тасбөгет кенті орта мектептерінің шәкірттері,сондай-ақ «Чернобыль мен Аралдың балалары» және «Көк Жиек» ҚҚ ұсынған тізімге сәйкес ауыр сырқаттармен ауыратын балалар қамтылды. Нәтижесінде, қажетті мектеп керек-жарақтарын алған оқушылардың саны 342 баланы құрады.
Осылайша, Серіктестік «Мектепке апарар жол» акциясына дәстүрлі түрде жыл сайынғы негізде белсенді түрде қатысуда. Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі шеңберінде Серіктестік білім беру мекемелеріне, сондай-ақ мұқтаж адамдарға демеушілік және қайырымдылық көмек көрсету мәселесіне ерекше назар аударады.