Менеджер жұмысының өнімділігін арттыру

25 сәуір 2016

«Қазгермұнай» БК» ЖШС әлеуметтік базасын құру жолында қызметкерлерді оқытуға, білімін жетілдіруге және дамытуға аса мән береді. 

 
Қызметкерлерді оқыту және дамыту саласындағы Компанияның  мақсатқа негізделген саясаты менеджерлер мен қызметкерлердің  арқасында Компания қызметінің және оның жекелеген бизнес - процесстерінің жақсаруына бағытталған инновациялық идеялар мен жобаларды қамтамасыз ету.
 
«Қазгермұнай» БК» ЖШС жыл сайын ғылымның әрбір саласы бойынша жоғары дәрежелі тренерлерді шақырып барлық деңгейдегі қызметкерлерге арналған корпоративтік оқулар ұйымдастырып отырады. 
2016 жылдың сәуір айының 25-26 аралығында «Қазгермұнай» БК» ЖШС кеңсесінде компанияның басшыларына арналған «Менеджер жұмысының өнімділігін арттыру. Аз күш  жұмсай отырып, аз уақытта үлкен жетістікке қалай жетуге болады?» тақырыбында корпоративтік форматтағы оқу ұйымдастырылды. 
 
Курстың тренері ретінде философия ғылымдарының кандидаты, профессор, Москва қаласындағы халықаралық «МИРБИС» жоғары бизнес мектебінің МВА и Executive MBA бағдарламаларының оқытушысы, ұйымдастырушылық мінез-құлық және тұтынушылардың мінез-құлқы туралы бірқатар оқулықтардың авторы  – Сергеев Александр Михайлович шақырылды.
 
Тренинг барысында компания басшылары осындай экономикалық дағдарыс уақытындағы сапалы басқарудың негіздерін үйренді.  Семинар-тренинг барысында алған білімдерін тыңдаушылар «Қазгермұнай» БК» ЖШС басқару жүйесінің тиімділігін арттыруға қолданып отыр.  
 
   

Вернуться назад

Комментарии

Оставить комментарий

Басқарма блогы

Киякбаев Зияш Калдыбекович
Бас директор
Мин Хайхуэй
Бас директордың бірінші орынбасары

Сауал қою