ҚМГ Басқарма төрағасының барлау және өндіру жөніндегі орынбасары Қ.Есқазиев Қызылорда, Ақтөбе облыстарында жұмыс сапарымен болды

01 маусым 2022

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасының барлау және өндіру жөніндегі орынбасары Құрманғазы Есқазиев маусымның 1-і күні Қызылорда және Ақтөбе облыстарындағы мұнай өндіру кәсіпорындарының еңбек ұжымдарымен кездесті.

Жұмыс барысындағы жиынға «Қазгермұнай» БК» ЖШС, «ПетроҚазақстан Құмкөл Ресорсиз» АҚ, «ҚазақОйл Ақтөбе» ЖШС, «Қазақтүрікмұнай» ЖШС және «Өріктау Оперейтинг» ЖШС (Ақшабұлақ, Нұралы, Құмкөл, Арысқұм, Лақтыбай, Қаратөбе, Қожасай, Әлібекмола кен орындары) басшылары мен басқару аппаратының, сондай-ақ өндіріс қызметкерлері қатысты. Басқосуда өндірістің өзекті мәселелері және 2022 жылдың төрт айының қорытындысы қаралды.Жиындарға барлығы мыңға жуық адам қатысты.

Сондай-ақ жиында Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер енгізу бойынша алдағы болатын республикалық референдум туралы сөз болды. Басқарма төрағасының орынбасары бұл референдум ел өміріндегі маңызды шара екенін, Конституцияға енгізілетін өзгерістер еліміздің дамуына оң ықпал ететінін атап өтті.

Мұнайшылар алдағы республикалық референдумға және Конституцияға азаматтардың мемлекетті басқаруға және саяси жаңғыруға қатысуының кеңеюін көздейтін өзгерістерге қолдау көрсетті.

Бұған дейін Құрманғазы Есқазиев осындай кездесуді 31 мамырда ҚМГ бас кеңсесінде өткізді. Жиналысқа «Жеңіс Оперейтинг» ЖШС, «Исатай Оперейтинг Компани» ЖШС, «Жамбыл Петролеум» ЖШС, «Құрманғазы Петролеум» ЖШС және «Әл-Фараби Оперейтинг» ЖШС барлау кәсіпорындарының басшылары мен қызметкерлері қатысты.

Вернуться назад

Комментарии

Оставить комментарий

Басқарма блогы

Лю Шаою
Бас директор
Ізмұханбет Ринат Нұрғожаұлы
Бас директордың бірінші орынбасары

Сауал қою