ҚМГ тәжірибелік-өнеркәсіптік сынақтардың бірыңғай тәртібін енгізеді
21 тамыз 2023
ҚМГ тәжірибелік-өнеркәсіптік сынақтардың бірыңғай тәртібін енгізеді
«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқармасы «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ компаниялар тобының мұнай және газ өндіру кезінде техниканың, технологиялардың, материалдар мен жабдықтардың жаңа түрлерінің тәжірибелік-өнеркәсіптік сынақтарын ұйымдастыру, жүргізу және есепке алу Ережелерін (09.08.2023 жылғы хаттама) бекітті.
Бекітілген қағидалардың жаңа редакциясы болашақ қызмет көрсететін компаниялардан, ұйымдардан өтінім берудің және ҚМГ-нің мұнай-газ өндіру активтерінде тәжірибелік-өнеркәсіптік сынақтар жүргізудің бірыңғай тәртібін белгілейді.
Құжат жаңа техника, технологиялар, материалдар мен жабдықтар бойынша тәжірибелік-өнеркәсіптік сынақтар ұйымдастыруды, жүргізуді және мониторинг жүргізуді, стенд және зертханалық сынақтарды жүргізуді, сынақ нәтижелерін жан-жақты талдауды және жаңа техника мен технологияларды өнеркәсіпте қолдану жөніндегі одан әрі шешім шығару үшін әзірленген.
Жаңа қағидаларға сәйкес, ұлттық компаниядағы бизнес-процестерді цифрландыру шеңберінде болашақ қызмет көрсетуші компания, ҚМГ еншілес ұйымдары (ЕТҰ), ҚМГ-нің корпоративтік орталығы және «ҚМГ Инжиниринг» ЖШС (ҚМГИ) арасындағы өзара байланысты жақсарту үшін «бір терезе» қағидаты бойынша жұмыс істейтін «ТӨС орталығы» интернет-порталы пайдалануға енгізілді. Цифрлы форматта ҚМГИ ғылыми-техникалық қолдаудың мамандандырылған орталығы ретінде негізгі рөлге ие. Атап айтқанда, ҚМГИ өндірушілерден және/ немесе жаңа техника, технологиялар, материалдар, жабдықтар мен химиялық реагенттер өкілдерінен келіп түскен өтініштерді қарап, ҚМГ-нің еншілес ұйымдарының кен орындарында жаңа техника мен технологиялардың қолданылуын талдау, тәжірибелік-өнеркәсіптік сынақтарды сүйемелдеу және сынақ нәтижелерін растау бойынша жұмыс жүргізеді.
Сынақтарды жүргізу ережелерінің регламенттелген тәртібі «ТӨС орталығы» интернет-порталының жұмыс алгоритмімен толық синхрондалған. Осылайша, ҚМГ Инжиниринг ҚазМұнайГаздың бизнесті корпоративтік жүргізуді трансформациялау стратегиясын іске асыруға белсенді атсалысады, сондай-ақ, ҚМГ мен еншілес ұйымдарының арасындағы өзара бизнес-процестерді оңтайландыруға және үйлестіруге үлес қосады.