Мұнай өндіруші компаниялардың қызметін қаржыны тиімді басқару арқылы көтеру

03 мамыр 2016

Үстіміздегі жылдың май айының басында «Қазгермұнай» компаниясының орта буын басшыларына арналған «Мұнай өндіруші компаниялардың қызметін қаржыны тиімді басқару арқылы көтеру» тақырыбындағы корпоративтік оқу ұйымдастырылды.

 
Тренинг тақырыбы кездейсоқ таңдалған жоқ. Қаржы әрбір шаруашылық субъектісі қызметінің басты позициясы болып саналады. Кез-келген бизнес саласындағы нәтижелілік компанияның өміршеңдігін қамтамасыз ететін қаржылық ресурстардың барлығына және оның тиімді басқарылуына байланысты.  
 
Семинарды жүргізуге экономика ғылымдарының докторы, профессор, РФ Президенті жанындағы РАНХиГС  халықаралық Жоғары бизнес мектебінің МВА бағдарламасының оқытушысы, экономикалық анализ жасау, кәсіпорынның қаржылық нәтижелерінің анализі жөніндегі бірқатар ғылыми басылымдарының авторы, тәжірибелі бас бухгалтер, аудитор, өндірістік, сауда және кредиттік ұйымдардың аналитигі Соколова Галина Николаевна шақырылды.
Тренинг барысында қатысушылар бухгалтерлік есеп, қаржылық анализ жасау негіздері мәселелерін қарастырды, қаржылық - экономикалық қызметіне, бюджеттік жоспарлауға,  зиянсыздықты басқаруға анализ жасаудың заманауи әдістерін үйренді.  Баланс жасау, бухгалтерлік операцияларды есеп шоттарында көрсету, қаржы көздерінің қозғалысы, пайда және шығын бойынша есепті дайындау жөнінде практикалық сабақ өткізілді.  Сонымен бірге өтімділік, рентабельдік, айналымдылық,  EBT, EBIT, EBITDA  түсімділік көрсеткіштерін есептеу әдісі мен олардың экономикалық мағынасы толық қарастырылды. Алған білімдерін қызметкерлер компанияның күнделікті қызметінде пайдаланады. 

Вернуться назад

Комментарии

Оставить комментарий

Басқарма блогы

Киякбаев Зияш Калдыбекович
Бас директор
Мин Хайхуэй
Бас директордың бірінші орынбасары

Сауал қою