Мұнайшылар ескерткіші ашылды.

23 қазан 2015

Жиырма жылдан бері астам уақыт ішінде компания «Ақшабұлақ», «Нұралы», «Ақсай» кеніштерінде көмірсутекті шикізаттарды зерттеу, өндіру, тасымалдау және сату жұмыстарымен айалысып келеді. Осы жылдар аралығында «ҚазГерМұнай» БК» ЖШС жоғары технологиялы, тиімді, сондай-ақ қалыпты дамып келе жатқан компания ретінде еліміздің экономикасына, соның ішінде Қызылорда облысының индустриялық-инновациялық, әлеуметтік дамуында келелі тапсырмаларды атқарып, өндірістің тиімділігін қамтамасыз ету барысында табиғи ресурстарды ұқыпты пайдалана отырып, әлеуметтік капиталды дамытуға өз үлесін қосып келеді. Осы жетістіктеріміздің барлығы мұнайшы ардагерлеріміз бен жұмысшыларымыздың қажырлы еңбегінің арқасы деуге болады.

Бүгін Сыр өңіріне сапарлап келген «Қазмұнайгаз» Барлау өндіру» АҚ-ның бас директоры Исказиев Құрманғазы Орынғазыұлы мен «Петро Қазақстан Құмқол Ресорсиз» АҚ Президенті Вэй Юйсян компания басшылығы және компания қызметкерлерімен танысып, мамандармен өзара өзекті мәселелерді талқылады. Сонымен қатар, жас мамандар кеңесінің ұсынысымен, мұнай саласында аянбай қызмет етіп келе жатқан мұнайшыларымызға арнап ғимарат жаныннан мұнайшылар ескерткіші ашылды.

Сөз жоқ, еңселі ескерткіш мұнайшыларға көрсетілген құрметтің белгісіндей болып көрінеді. 24 қазан күні Ақшабұлақ, Нұралы, Ақсай кен орындарында болып, өндірістік базаларды аралап, жұмысшылар мен кездесті.

 

     

    

Вернуться назад

Комментарии

Оставить комментарий

Басқарма блогы

Лю Шаою
Бас директор
Ізмұханбет Ринат Нұрғожаұлы
Бас директордың бірінші орынбасары

Сауал қою