Мәнерлеп сырғанаудан Элизабет Турсынбаеваның жүлдесіне «Көктем жұлдыздары» сайысының өтуіне «Қазгермұнай» БК» ЖШС қолдау көрсетті

17 сәуір 2019

Ағымдағы жылдың 16 - 17 сәуірінде Қызылорда қаласында 2019 жылғы әлем чемпионатының күміс жүлдегері Элизабет Турсынбаеваның жүлдесіне мәнерлеп сырғанаудан жас жеткіншектердің ашық республикалық «Көктем жұлдыздары»  турнирі өтті. Турнир 2017 жылдан бері өткізіліп келеді, бірақ осы жылы турнир Элизабет Турсынбаеваның жүлдесіне арналып отыр. 

Сайысқа Өзбекстаннан, Нұр-Сұлтан, Алматы, Қостанай, Қарағанды, Шымкент және Қызылорда қалаларынан 150 спортшы қатысады.

«Қазгермұнай» БК ЖШС  турнирдің өтуіне қаржылық қолдау көрсетті.  «Қазгермұнай» БК ЖШС-нің демеушілік саясаты мақсаттары мен міндеттерінің бірі спорт саласын дамыту мен талантты жас спортшыларға қолдау көрсету болғандықтан компания  2014 жылдан бері Элизабет Тұрсынбаеваға демеушілік қолдау көрсетіп келеді. 

Турнирдің ашылу салтанатында компанияның  бас директоры  Мұстафаев Мұрат Кеңесбаевич сөз сөйлеп, қатысушыларды құттықтады. Ол Элизабетке әлемдік спорт аренасында Қазақстан Республикасының туын биік көтергені үшін  алғысын білдіріп, жас спортшыларға сәттілік тілеп, Элизабеттің деңгейіне жетіп әлемдік спорт аренасын бағындыруды тіледі.

      

      

Вернуться назад

Комментарии

Оставить комментарий

Басқарма блогы

Лю Шаою
Бас директор
Ізмұханбет Ринат Нұрғожаұлы
Бас директордың бірінші орынбасары

Сауал қою