Өмірдің ауыр жағдайында онкологиялық ауруға шалдыққан балалар мен аналарға арналған әлеуметтік қонақ үй

06 маусым 2018

  «Туған жерге тағзым» жалпы республикалық акциясы аясында Қызылорда облысы әкімдігінің қолдауымен, «Чернобыль және Арал балалары» қоғамдық қайырымдылық қорымен «Әлеуметтік қонақ үй» жобасы жүзеге асырылды – өмірдің ауыр жағдайына тап болған онкологиялық ауруға шалдыққан балалар мен аналарға арналған баспана. Қонақ үйдің ашылуына Серіктестіктің әлеуметтік бөлім қызметкерлері қатысты (Искакова А.О., Әділов Б.С.).

  Жобаның мақсаты әлеуметтік қауіпті жағдайға немесе өмірдің ауыр жағдайына тап болған, әлеуметтік оңалтуға мұқтаж онкологиялық ауруға шалдыққан балалар мен аналар үшін уақытша орналастыруды қамтамасыз ету, сондай-ақ өмірдің қиын жағдайынан шығуға, әрі қарай өмір сүруді қолдауға ықпал етуге бағытталған балалар мен аналарды әлеуметтік қолдау бойынша жеке бағдарламаларды әзірлеу және енгізу болып табылады.

  «Қазгермұнай» БК» ЖШС көптеген жылдар бойы әлеуметтік маңызы бар жобаларды жүзеге асыру және мұқтаж адамдарға көмек көрсету мақсатында, «Чернобыль және Арал балалары» ҚҚҚ-на қаржылық және қайырымдылық көмек көрсетіп келеді. Осылай, «Мектепке жол» жалпы республикалық акциясы аясында, Серіктестікпен жыл сайынғы негізде әлеуметтік әлсіз отбасылардан шыққан балаларға мектеп киімдері мен жабдықтарын алу үшін Қорға демеушілік көмек көрсетіліп келеді. Сондай-ақ, жаңа жылдық мереке қарсаңында Серіктестік Қормен бірлесіп, жетім, ауыр науқасты, аз қамтылған отбасылардан шыққан балаларға жаңа жылдық сыйлықтарды таратуды ұйымдастырады және оларды жаңа жылдық шыршаға шақырады. Осылайша, дәстүрлі негізде Қормен әріптестік сақталып, Серіктестіктің әлеуметтік жауапкершілігі аясында маңызды бірлескен жұмыс жүзеге асырылады.        

  

  

Вернуться назад

Комментарии

Оставить комментарий

Басқарма блогы

Киякбаев Зияш Калдыбекович
Бас директор
Мин Хайхуэй
Бас директордың бірінші орынбасары

Сауал қою