Наурыз құтты болсын!

22 наурыз 2017

  Үстіміздегі жылдың 17 наурызы күні Ақшабұлақ және Нұралы кен орындарында ұлттық «Наурыз» мейрамына арналған мерекелік іс-шара ұйымдастырылды.

 
  Мерекелік іс-шараға қатысып, еңбек ұжымын құттықтау үшін «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ («ҚМГ БӨ») бас директоры Құрманғазы Орынғазыұлы Есқазиев бастаған делегация келді.
 
  Ақшабұлақ кен орнында өткізілген мерекелік іс-шараға БӨ ҚМГ төмендегі басшылары қатысты:
 
• Мәлік Жағабайұлы Сәлімгереев – бас директордың еңбек пен қоршаған ортаны қорғау және келешекті даму бойынша орынбасары;
• Бекзат Қылышбекұлы Абайылданов – бас директордың өндіріс жөніндегі орынбасары;
• Айнұр Келтірқызы Шаненова – мұнайсервистік жобалар бойынша басқарушы директор;
• Мақсат Оңғарбайұлы Ибағаров – болжау және өндіру активтері бойынша басқарушы директор.
 
  «ПетроҚазақстан Құмкөл Ресорсиз» АҚ басшылығы атынан вице-президент Турсун Абудурэсити қатысты.
 
  ҚГМ Басқарма мүшелері: бас директор Жэнь Лисинь және бас директордың бірінші орынбасары Медет Сапиұлы Кәрім компанияның еңбек ұжымын құттықтады. Іс-шараға қатысып отырған кеніш және бас кеңсе қызметкерлеріне жылы лебіздерін білдірді.
 
  Ұлттық ағаш үйлердегі бай дастархан басында қонақтарға түрлі тағамдар және Наурыз мейрамының басты тамағы Наурыз-көже ұсынылды. Мерекелік іс-шарада қазақстан эстрадасының жұлдыздары Тамара Асар, Ақылбек Жеменей, Абай Бегей, сонымен бірге облыстық филармонияның вокальдық әншілері мен бишілері өз өнерлерін көрсетті. Шара барысында ұлттық спорт түрлері бойынша жарыс өткізіліп, жеңімпаздарға бағалы сыйлықтар табысталды.
 
  Концерттік құттықтау бағдарламасы Нұралы кенішінде де өткізілді. Кеніш қызметкерлеріне белгілі қазақстандық музыкалық топ «Дауыс International», сонымен бірге Ақылбек Жеменей мен Абай Бегей өз өнерлерін көрсетті.

  Мерекеге орай 18 наурыз күні ҚГМ құрылымдық блоктарының: әкімшілік, өндірістік, геологиялық және қаржылық блоктары арасында мини-футболдан турнир ұйымдастырылды. Блок қызметкерлері өз топтарына қолдау көрсету үшін «Евразия» СК келді. Ойын қорытындысы бойынша өндірістік блок І орынды, әкімшілік блок ІІ орынды, геологиялық блок ІІІ орынды және қаржы блогы ІV орынды иемденді.
 

  

  

  

  

  

  

Вернуться назад

Комментарии

Оставить комментарий

Басқарма блогы

Лю Шаою
Бас директор
Ізмұханбет Ринат Нұрғожаұлы
Бас директордың бірінші орынбасары

Сауал қою