Нұралы вахталық кентіндегі қоныс тойы

01 желтоқсан 2015

 Нұралы вахталық кентінде жалпы саны 60 адамға арналған екі тұрғын жай іске қосылды. Тұрғын жайды салу «Промстройсервис-Е» мердігерлік компаниясы арқылы жүзеге асырылды. Тұрғын жайлар сапа мен жайлылықтың ең заманауи  үлгілеріне сай салынған. Бөлмелер екі адамға арналған, барлық жүйелер вахталық кенттің инфаструктурасына қосылған. Бөлмелер жаңа жиҺазбен  және сапалы заманауи тұрмысқа қажетті жабдықтармен жасандырылған. Қазіргі таңда Нұралы кен орнында жұмысшылардың жайлы демалуына арналған бес тұрғын жай орналастырылған. 

 
Жаңа тұрғын жайлардың ашылу салтанатына кен орнының жұмысшылары, өндіріс орны әкімшілігі, бас директордың жалпы сұрақтар жөніндегі орынбасары А.К.Көшербаев және мердігер компанияның директоры М.Еспенбетов қатысты.
 
   

Вернуться назад

Комментарии

Оставить комментарий

Басқарма блогы

Лю Шаою
Бас директор
Ізмұханбет Ринат Нұрғожаұлы
Бас директордың бірінші орынбасары

Сауал қою