Отан қорғаушылар күні
05 мамыр 2017
Отан қорғаушылар күніне орай ұжымның әйелдер қауымы бас кеңседе ерлерге арнап мерекелі шара ұйымдастырды.
Түскі үзіліс кезінде бас кеңсе аумағында, асхана маңында әйелдерер қауымы патриоттық әндер орындап, мерекеге қатысты тақырыпта өнер көрсетті. Таза ауада мерекелік дастархан жайылып, концерттік-құттықтау бағдарламасы ұйымдастырылды.
![]() |
Компания басшылығы атынан алғыс лебізін бас директор Жэнь Лисинь, өндіріс және жалпы мәселелер бойынша бас директордың орынбасарлары Әбдірахманов Н.Б. және Көшербаев А.К. білдіре отырып, туған жерді және отандастарды қорғау – әр азаматтың борышы және аталған мереке барлық Қазақстандықтардың патриоттық сезімі мен Отанға деген махаббатын оятатындығын атап айтты.
Отан қорғаушылар күнімен құттықтаймыз!
Компания ұжымының әйелдер қауымына мерекелік көңіл-күй сыйлағандары үшін алғыс айтамыз!