Парасыз болашаққа - бірге!

24 мамыр 2018

  Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облыстық департаментінің бастамасымен, қоғамда сыбайлас жемқорлық көріністерінің кез келген түріне нөлдік төзімділікті қалыптастыру мақсатында, «Парасыз болашаққа - бірге!» ұранымен ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу үшін Ақшабұлақ к/о мұнай кәсіпорны қызметкерлерінің жиналысы ұйымдастырылды. Жиналысқа қатысуға көрсетілген жұмыстарды жүргізу үшін Департаментпен құрылған мобильді топта тұратын, жоғарыда аталған Департаменттің Жемқорлықтың алдын-алу басқармасының бас маманы Анар Сәлімжан келді.

  Жиналыс барысында қызметкерлерге әртүрлі дәрежедегі мемлекеттік қызметкерлер,  сонымен қатар жоғары лауазымды тұлғалар мен мемелекеттік мекемелер, құқық қорғау органдары, сондай-ақ ұлттық компаниялар қызметкерлері арасында анықталған жемқорлық фактілері бойынша ақпараттық статистика ұсынылды. Қатысушыларға пара беруді болдырмау туралы және осы құқық бұзушылық үшін әкімшілік, қылмыстық жауапкершілік тартылатыны туралы түсінік берілді. Серіктестік қызметкерлері, өз кезегінде, қызығушылық тудыратын сұрақтар қойды, оған А. Сәлімжан толық жауап ұсынды.   

 

  

  

 

Вернуться назад

Комментарии

Оставить комментарий

Басқарма блогы

Киякбаев Зияш Калдыбекович
Бас директор
Мин Хайхуэй
Бас директордың бірінші орынбасары

Сауал қою