ҚР Мұнай-газ кешені қызметкерлерінің күні

31 тамыз 2016

Кәсіби мереке – ҚР Мұнай-газ кешені қызметкерлерінің күніне орай, келесі құрамдағы «ҚазМұнайГаз» БӨ» АҚ делегациясының «Ақшабұлақ» к/о мұнай кәсіпшілігіне және Серіктестіктің ББ кеңсесіне сапары болып өтті: Бас директор К.О. Исказиев, Басқарма аппаратының басшысы Б.Б. Аскаров, Бас директордың өндіріс жөніндегі орынбасары Б.К. Абайылданов, сондай-ақ Еңбек пен қоршаған ортаны қорғау және бұрғылау бойынша басқарушы директор М.Ж. Салимгереев.Мерекелік іс-шараларға Қызылорда облысы Әкімінің орынбасары Е.Г. Кимқатысты, ол облыс әкімі Қ.Е. Күшербаевтың атынан Серіктестіктің ұжымын құттықтап, аймақтың және еліміздің дамуына қосқан үлесі мен қажырлы еңбегі үшін алғысын білдірді. Сондай-ақ, ББ кеңсесінің қызметкерлерін құттықтау үшін«ПетроКазахстан Инк.» компаниясының Президенті Фан Цзячжун келді.

Мерекелік іс-шаралар шеңберінде Қазақстанның келесі эстрада «жұлдыздарының» қатысуымен концерттік құттықтау бағдарламасы ұйымдастырылып, мерекелік дастарханжайылды: Ақылбек Жеменей, АйгүлҚосанова, Алмас Денебаев, сондай-ақ басқа да орындаушылар мен жергілікті әртістер. Сонымен қатар, Ақылбек Жеменей «Мұнайшыларға алғыс» атауымен мұнайшыларға арналған өлеңінің жаңа бейнебаянын таныстырды, идеяның авторы К.О. Исказиев болды.

Іс-шара барысында еңбекте үздік болған жұмыскерлерге Серіктестіктің, «ҚазМұнайГаз» БӨ» АҚ-ның, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-ның, «Самұрық-Қазына» ҰӘАҚ» АҚ-ның және ҚР Энергетика министрлігінің мақтау қағаздары мен алғыс хаттары табысталды.

Мерекелік іс-шаралар сондай-ақ «Нұралы» к/о мұнай кәсіпшілігінде ұйымдастырылды, онда мерекелік дастархан жайылды, «Формат» тобының орындауында жанды музыка ойналды, қатысушылардың арасында конкурстар өткізілді, және үздік болған жұмыскерлерге мақтау қағаздары мен алғыс хаттар табысталды.

 

     

 
    
 
    
 
  
 
 
 
  

 

Вернуться назад

Комментарии

Оставить комментарий

Басқарма блогы

Лю Шаою
Бас директор
Ізмұханбет Ринат Нұрғожаұлы
Бас директордың бірінші орынбасары

Сауал қою