ҚР Мұнай және газ министрі Ақшабұлақ кен орнында болды

20 наурыз 2014

«Қазгермұнай» БК» ЖШС-нің басшылары Бас директор Кәрім Медет Сәпиұлы, өндіріс бойынша бас директордың орынбасары Әбдірахманов Нұржан Базарбайұлы, жалпы мәселелер бойынша бас директордың орынбасары Көшербаев Айтбай Көшербайұлы және Ақшабұлақ кен орнының ұжымы құрметті қонақтар- ҚР мұнай және газ министрі Қарабалин Ұзақбай Сүлейменұлын, Қызылорда облысының әкімі Көшербаев Қырымбек Елеуұлын, ҚР Геология және жер қойнауын пайдалану комитетінің төрағасы Нұрабаев Базарбай Қанайұлын күтіп алды.
Іс-сапардың мақсаты «Қазгермұнай» БК» ЖШС-і өндірістік кешенінің жұмыс барысымен танысу болды. Осы тақырыпта Серіктестіктің Бас директоры М. Кәрім баяндама оқыды. Делегация Қызылорда қаласына тұрмыстық қажеттіліктер үшін тасымалданатын жол үсті газын өңдейтін Газ дайындау құрылғысын көрді.
Қолайлы сәтті пайдаланып қонақтар мен «ҚГМ» БК» ЖШС-і басшылығы өнеркәсіп қызметкерлерін Наурыз мейрамымен құттықтады.
Кен орнынан соң делегация «Кристалл-Менеджмент» ЖШС –і өндірістік кешенімен танысу үшін және «Қазгермұнай» БК» ЖШС –і жеткізіп отырған газдың арқасында жұмыс жасап тұрған Газ турбиналық электр станциясын көруге аттанды.
Кәсіпорын әкімшілігі болса жергілікті әншілер мен әртістердің қатысуымен концерттік бағдарлама ұйымдастырып, Ақшабұлақ қызметкерлеріне (ҚГМ мен ұйымның мердігер жұмыскерлеріне) ұлттық үлгідегі салтанатты дастархан жайды. Бұдан кейін дәл осындай бағдарламамен кәсіпорын әкімшілігі Нұралы кен орнында болды.

Вернуться назад

Комментарии

Оставить комментарий

Басқарма блогы

Киякбаев Зияш Калдыбекович
Бас директор
Мин Хайхуэй
Бас директордың бірінші орынбасары

Сауал қою