ҚР Президентінің Жолдауын талқылау үшін ҚР энергетика вице-министрінің сапары

23 ақпан 2017

   Бүгін Ақшабұлақ кен орнындағы ҚГМ еңбек ұжымымен кездесіп, ҚР Президентінің «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауын талқылау үшін ҚР энергетика вице-министрі Мырзағалиев Мағзұм Маратұлының «Қазгермұнай» БК» ЖШС-не ресми сапармен келді. Отырысқа Қызылорда облысы Әкімінің орынбасары Ким Евгений Германович, ал ҚГМ топ-менеджерлерінен Басқарма аппаратының басшысы Усалиев Р.Ж. және бас директордың өндіріс жөніндегі орынбасары Әбдірахманов Н.Б. қатысты. Нұралы және Ақсай кенорындарының мұнайшылары да өтіп жатқан отырысты бейнебайланыс арқылы көруге мүмкіндік алды.

 
  Кездесу барысында Мырзағалиев М.М. жаңа Жолдаудың негізгі және нақты аспектілерін, Президент тарапынан Үкіметтің алдына, Қазақстан халқының алдына қойылған мақсаттарды талқылады. Экономиканың өсу қарқынын қамтамасыз етуге бағытталған келесідей бес негізгі басымдыққа назар аударылды: бірінші басымдық – экономиканың жеделдетілген технологиялық жаңғыртылуы; екінші басымдық – бизнес-ортаны түбегейлі жақсарту және кеңейту; үшінші басымдық – макроэкономикалық тұрақтылық; төртінші басымдық – адами капитал сапасын жақсарту; бесінші басымдық – институционалдық өзгерістер, қауіпсіздік және сыбайлас жемқорлықпен күрес.
 
   Ол, сондай-ақ, Президенттің Жолдауы – бүкіл еліміз үшін маңызды қоғамдық-саяси оқиға болып табылатынын атап өтті, бұл Жолдау – Қазақстанды жаңа даму межелеріне шығаруға жәрдемдесетін нақты қадамдардың көрсетілуімен еліміздің әрі қарай дамуының негізгі бағыттары анықталған және мемлекетіміздің таяу жылдарға арналған дамуының маңызды басымдықтары белгіленген айқын бағдарламалық құжат болып табылады.
 
  ҚГМ  жұмыскерлері  ҚР Президентінің Жолдауын талқылауға  белсенді түрде қатысты, сондай-ақ аталған оң өзгерістердің –  өз жалғасын табатынына  және Қазақстан Республикасының негіздерін әрі қарай дамытуға жағдай жасайтынына сенім білдірді.
   

  

 

 

Вернуться назад

Комментарии

Оставить комментарий

Басқарма блогы

Лю Шаою
Бас директор
Ізмұханбет Ринат Нұрғожаұлы
Бас директордың бірінші орынбасары

Сауал қою