ҚР Тәуелсіздік күніне арналған онлайн форматтағы салтанатты жиналыс

15 желтоқсан 2020

        15 желтоқсанда "Қазгермұнай "БК" ЖШС-де онлайн форматта мемлекеттік басты мерекеге арналған ішкі іс-шара өтті. Ұжымға бас директор Мұрат Мұстафаев,  бас директордың бірінші орынбасарының міндетін атқарушы  Ли Ган құттықтау сөз сөйледі.

       Компания басқармасы серіктестік қызметкерлеріне естелік марапаттар табыстап, өз ұжымына мақтан тұтатынын атап өтті. Қазақстанның Тәуелсіздік күніне орай "ҚМГ ҰК" АҚ марапаттарынан басқа,  мекеменің он екі қызметкері марапатталды, сонымен қатар Қызылорда облысының әкімі Гүлшара Әбдіқалықова компанияның бас директоры Мұрат Мұстафаевты "Құрмет" ордені марапатымен табыс етті.

         ҚР Энергетика Министрлігінің медалімен мұнай және газ өндіру департаменті мұнайды дайындау және айдау цехының технологы Құдайияров Ғани табысталды.

         "Еңбек даңқы" орденін алғандар: Кутмамбетов Мажет - мұнай және газ өндіру департаменті директорының орынбасары - Нұралы/Ақсай өңдірісінің бастығы, Лим Андрей - химияландыру учаскесінің шебері, Бисенбаев Қайрат - мұнай және газ өндіру операторы, Бектаев Мұхтар - мұнай және газ өндіру операторы.

      ҚГМ  Басқармасы  атынан  Құрмет грамоталарын алғандар: Ибрашов Жандос - өндірістік-техникалық бөлімнің жетекші инженері, Хасенова Айгүл - Нұр-Сұлтан қаласындағы өкілдіктің маманы, Дайрабаев Нұрлан -  Ақшабұлақ к/о, мұнай және газ өндіру операторы, Шаигиров Қуаныш -Ақшабұлақ к/о, темір-шебері - жөндеуші, Тайшыбаев Абай – Нұралы к/о, мұнай және газ өндіру операторы, Кутмамбетов Мұхит - Ақсай к/о, мұнай және газ өндіру операторы, Болтаев Айбек - Ақшабұлақ к/о, мұнай және газ өндіру операторы.

Вернуться назад

Комментарии

Оставить комментарий

Басқарма блогы

Лю Шаою
Бас директор
Ізмұханбет Ринат Нұрғожаұлы
Бас директордың бірінші орынбасары

Сауал қою