«Самұрық-Қазына» қорының жас мамандары «Қазгермұнай» БК» ЖШС-де қонақта

23 маусым 2023

«Самұрық-Қазына» қорының жас мамандары «Қазгермұнай» БК» ЖШС-де қонақта

Жас мамандарын оқытуға бағытталған «Самұрық-Қазына» қорының бастамасы аясында қордың 28 қызметкері «Қазгермұнай» БК» ЖШС-нің Ақшабұлақ кен орнына барды.

Қонақтарды Бас директордың өндіріс жөніндегі орынбасары Ян Юэхуа қарсы алды, ол барлығына Қазгермұнайдың келісімшарттық аумақтарына келуінің нәтижелі, қызықты, ең бастысы қауіпсіз өтуін тіледі. Бұдан әрі жиналғандардың алдында серіктестіктің қызметі, Lean 6 Sigma бағдарламасын және үнемді өндірісті енгізу туралы ӨТБ жетекші инженері, компанияның жас мамандар кеңесінің басшысы Жарас Исламбердиев сөз сөйледі. Содан кейін келушілерге кен орнының бірқатар өндірістік және әлеуметтік объектілері көрсетілді: Мұнай айдауды дайындау цехы, Газды дайындау және тасымалдау цехы, Блокты бұталы сорғы станциясы, Зертхана, Жедел басқару орталығы, өндіру және айдау ұңғымалары, асхана, тұрғын бөлмелер, тренажер залы, персоналдың демалуына арналған аймақтар.

Вернуться назад

Комментарии

Оставить комментарий

Басқарма блогы

Лю Шаою
Бас директор
Ізмұханбет Ринат Нұрғожаұлы
Бас директордың бірінші орынбасары

Сауал қою