Тереңөзектегі ауызашар
12 маусым 2018
Тереңөзек кенті аудандық мешітінің асханасында Серіктестікпен ораза ұстаған жергілікті тұрғындар мен мешіт қызметкерлеріне ауызашар ұйымдастырылды. Дастарқан 80-нен аса адамға жайылды, олардың арасында ақсақалдар мен құрметті ауыл тұрғындары, соғыс және еңбек ардагерлері, зиялы қауым өкілдері, үкіметтік емес ұйымдардың басшылары болды.
Ауызашар кезінде аудандық мешіттің бас имамы А.Асқаров қасиетті дұғаларды оқыды, сондай-ақ қатысушылар Серіктестікке алғыс сөздерін айтты және өркендеу мен одан әрі табыстар тіледі. Жергілікті тұрғындар атынан Сырдария ауданының әкімі Г.К.Қазантаев Серіктестік басшылығы бас директоры Қ.Е.Қайржан мырзаға ұйымдастырылған іс-шара үшін алғыс білдірді.