Қызылорда облысының грек-рим, еркін және әйелдер күресі Федерациясында тағайындау

25 маусым 2015

   2015 жылдың 25 маусым күні «Grand Plaza» мейрамханасының мәжіліс залында Қазақстанның грек-рим, еркін және әйелдер күресі Федерациясының вице-президенті Оспанов Б.К. қатысуымен спорттық жекпе-жек және күштік спорт түрлері Конфедерациясының отырысы өтті. Бұдан бөлек, жиынға Федерацияның бас хатшысы Волоха А.И., Қызылорда облысының дене шынықтыру және спорт Басқармасының басшысы Мұстафаев С.Ш., «Қазгермұнай» БК» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары Кәрім М.С. және өңір спортшылары қатысты.
   Жиында «Қызылорда облысының грек-рим, еркін және әйелдер күресі Федерациясы» қоғамдық бірлестігі құрылып, оның жаңа төрағасы болып «Қазгермұнай» БК» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары, Қызылорда облысының Мәслихат депутаты Кәрім М.С. тағайындалды. Мәжіліске қатысушылар бұл ұсынысты бірауыздан қолдады.
  Федерация вице-президентң Оспанов Б.К. Қазақстанның спорттық жекпе-жек және күштік спорт түрлері конфедерациясының президенті Мыңбаев С.М. шешімімен барлық аймақтарда филиалдар ашу көзделгенін атап өтті.
   Спорттың бұл салалары бойынша нәтижелі табыстарға қол жеткізгендер жеткілікті. Кешегі өткен Қазалы ауданында мемлекет және қоғам қайраткері Елеу Көшербаевты еске алуға арналған грек-рим күресінен республикалық турнир өтті. Биыл 10-шы мәрте ұйымдастырылған боз кілем бәсекесінде 300-ге жуық спортшы сынға түсті. Осы турнирде бірнеше мәрте топ жарып, үлкен спортқа қанат қаққан қазалылық Нұрбақыт Әзілханов пен Бағдат Үсенов жақында ғана Үндістанда өткен жастар арасындағы Азия чемпионатында жоғары нәтижеге қол жеткізді. Биылғы республикалық турнирге көршілес Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан мемлекеттерінен де балуандар келіп, бақ сынасты.

Вернуться назад

Комментарии

Оставить комментарий

Басқарма блогы

Лю Шаою
Бас директор
Ізмұханбет Ринат Нұрғожаұлы
Бас директордың бірінші орынбасары

Сауал қою