Қызылордада Қазақстан мұнайының 120 жылдығы аталып өтті
29 тамыз 2019
28 тамызда Қызылордада Қазақстан мұнайының 120 жылдығына арналған бірқатар мерекелік іс-шаралар өткізілді.
Н. Бекежанов атындағы Қазақ музыкалық-драма театрында Қызылорда облысы әкімі Қ. Д. Ысқақовтың, ҚР Энергетика министрлігі өкілдерінің, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ басшылығының, Қазақстан Республикасы мұнай-газ секторының еңбек сіңірген ардагерлерінің қатысуымен салтанатты жиын өткізілді. Жиналысқа 600-ден астам адам қатысты.
Қызылорда өңірінің мұнай-газ секторы қызметкерлерін Облыс әкімі, Мұнай және газ министрлігі, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-ның атынан медальдармен, естелік белгілермен, құрмет грамоталарымен және алғыс хаттарымен марапаттау рәсімін Облыс басшысы Қуанышбек Досмаилұлы Ысқақовтың баяндамасы ашты, онда ол мұнай өнеркәсібінің өңірдің әл-ауқаты мен әлеуметтік-экономикалық дамуы үшін маңыздылығын атап өтті. Одан кейін қаланың мұнай және мұнай сервистік компанияларының 15 ерекше көзге түскен қызметкерлеріне марапаттар табыс етілді. Екінші баяндамашы – Техника ғылымдарының докторы, бұрынғы ҚР мұнай және газ министрі, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, «Құрмет» орденінің және «Қазақстанның Еңбек Ері» атағының иегері Ұзақбай Сүлейменұлы Қарабалин. Ол сондай-ақ облыстың еңбек сіңірген ардагерлері мен қазіргі мұнайшыларды марапаттады. Кеш «Номад палас» мейрамханасында салтанатты кешкі аспен жалғасты.
Іс-шара қонақтарының өнер көрсетуі мерекенің нағыз сәніне айналды: Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері Елена Әбдіхалықова мен Айгүл Қосанова, «Құрмет» орденінің иегері Тамара Асар, Мадина Сәдуақасова мен Ақылбек Жеменей.
Қызылорда қаласының барлық тұрғындары мен қонақтары үшін Орталық қалалық алаңда Салтанатты жиында өнер көрсеткен қазақстандық эстрада жұлдыздарының, сондай-ақ Артур мен Райим, Бүркіт пен Аиша, Айқын Төлепбергеновтің қатысуымен үлкен мерекелік концерт ұйымдастырылды. Концерт үлкен салютпен аяқталды.
Іс-шараның басты ұйымдастырушылары: «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ, «Қазгермұнай» БК» ЖШС және Қызылорда облыстық индустриялық-инновациялық даму басқармасы. Іс-шараларды қаржыландыру «Қазгермұнай» БК» ЖШС қаражаты есебінен жүзеге асырылды.