Қызылордада "Қазгермұнай "БК"ЖШС демеушілік қаражатына салынған Оқушылар сарайы ашылды
01 қазан 2024
Қызылорда қаласының сол жағалауында Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев пен "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ Басқарма төрағасының бірінші орынбасары Құрманғазы Исказиевтің қатысуымен Оқушылар сарайының салтанатты ашылу рәсімі өтті.
Көпфункционалды әлеуметтік нысанның құрылысын "Қазгермұнай" БК " ЖШС қаржыландырды (бірлескен кәсіпорындағы қатысу үлестерін "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ және "ПетроҚазақстан Құмкөл Ресорсиз"АҚ тепе-тең негізде иеленеді). Жобаның құны 2,4 млрд. теңгені құрады. Құрылысты салу жұмыстары 2023 жылдың желтоқсанында басталды.
Ауданы 2 956 м2 заманауи көпфункционалды кешен 350 балаға арналған және оған мыналар кіреді: техноорталық, бағдарламалау, робототехника және өнеркәсіптік дизайн сыныптары, экологиялық зертхана, жылыжайлар мен қысқы бақ, телестудия, вокал, музыкалық аспаптар және хореография сабақтары.
"Қазгермұнай" БК " ЖШС жыл сайын Қайырымдылық, демеушілік қызметке және өңірдің ірі әлеуметтік жобаларын іске асыруға қатысады, оған шамамен 150 млн.теңге бөлінеді.
Ашылу салтанатына қатысушылар жаңа нысан Қызылорда жасөспірімдерінің жан-жақты дамуы мен бос уақытын тиімді өткізу үшін оңтайлы мүмкіндіктері бар білім және тәрбие орталығына айналатынына сенімдерін білдірді.