Қызылордада «Үздік маман» байқауы аяқталды

07 қазан 2022

6 қазанда Н.Бекежанов атындағы Қызылорда облыстық музыкалық драма театрында «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ компаниялар тобының жұмысшы мамандықтары арасында «Үздік маман» байқауының жабылуы өтті.

Қызылордаға Атырау, Маңғыстау, Ақтөбе, Павлодар, облыстарының, Шымкент қ. мұнай-газ саласындағы 17 жетекші кәсіпорынның 119 қатысушысы жиналып, үш күн бойы мынадай мамандықтар бойынша кәсіби шеберлікте бақ сынасты: мұнай және газ өндіру операторы, ұңғыларды зерттеу операторы, тауар операторы, қабат қысымын ұстап тұру операторы, технологиялық жабдықты жөндеу және қызмет көрсету слесары, электр газ дәнекерлеушісі, электро жөндеуші, химиялық талдау лаборанты, технологиялық қондырғылар операторы, компрессорлық қондырғылар машинисі, ҰКЖ бригадасы, ЖАЖ бригадасы.

Байқау екі кезеңмен өтті: біріншісі - тестілеу әдісімен теориялық білімін тексеру, екіншісі - «Ақшабұлақ» және «Нұралы» кен орындарының өндірістік нысандарында практикалық тапсырмаларды орындау.

Байқау жеңімпаздары мен жүлдегерлерінің есімдері.

Үздік мұнай және газ өндіру операторы

1 орын - Теңізбаев Мұратжан, «Қаражанбасмұнай» АҚ

2 орын - Амандой Тұңғышбай, «ЕмбіМұнайГаз» АҚ

3 орын - Серікбаев Қуаныш, «Маңғыстаумұнай» АҚ

Үздік қабат қысымын ұстап тұру операторы

1 орын - Бағланов Мұрат, «Казгермунай» БК» ЖШС

2 орын - Абдрахманов Руслан, «ЕмбіМұнайГаз» АҚ

3 орын - Айжарықов Серікбол, «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ

Үздік газ электр дәнекерлеушісі

 1 орын - Жексенбаев Нұрбек, «КазТрнасОйл» АҚ

 2 орын - Мухамбеткалиев Әділбек, «ЕмбіМұнайГаз» АҚ

 3 орын - Әбді Айдос, «Oil Construction Company» ЖШС

Үздік технологиялық жабдықтарды жөндеу және қызмет көрсету слесары

 1 орын - Сәрсенғалиев Рысбек, «КазТрансОйл» АҚ

 2 орын Бижанов Абдол, «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ

 3 орын - Толыбаев Азиз, «Қаражанбасмұнай» АҚ

Үздік тауар операторы

 1 орын - Жеткізген Шаяхмет және Арынов Құдайберген, «КазТрансОйл» АҚ

 2 орын - Мавлавеева Венера және Зиганшина Салтанат «ӨзенМұнайГаз» АҚ

 3 орын - Нұрадинов Бақытжан және Закиряев Руслан, «Казгермұнай» БК» ЖШС

Үздік ұңғыларды зерттеу операторы

1 орын - Жұмағазиев Абылайхан, «ЕмбіМұнайГаз» АҚ,

2 орын — Рассоленко Сергей, «Казгермұнай» БК» ЖШС

3 орын - Қазиев Асхат, «Маңғыстаумұнайгаз АҚ

Үздік химиялық талдау зертханашысы

 1 орын - Кемесай Арайгүл, «КазТрансОйл» АҚ

 2 орын - Құдайбергенова Күнсұлу, «ӨзенМунайГаз» АҚ

 3 орынды Мұратқызы Лаура, «Казгермунай» БК» ЖШС және Жазықбаева Зульфия, «CASPI BITUM» БК» ЖШС бөліп алды.

Үздік электро жөндеуші

 1 орын - Ізғалиев Сырым, «Қаражанбасмұнай» АҚ

 2 орын - Жүсіпов Ержан, «Казгермұнай» БК» ЖШС

 3 орын - Шынтөреев Азат, «ЕмбіМұнайГаз» БК» ЖШС

Үздік технологиялық қондырғылар операторы

1 орын - Асилов Рустам, «Казгермұнай» БК» ЖШС

2 орын - Әлібек Берікболсын, «ПетроҚазақстан Ойл Продактс» ЖШС

3 орын - Дүйсенғұл Бексұлтан, «Атырау мұнай өңдеу зауыты» ЖШС

Үздік компрессор қондырғыларының машинисі

 1 орын - Майдабеков Бақберген, «Казгермұнай» БК» ЖШС

 2 орын - Беккаиров Ринат, «Атырау мұнай өңдеу зауыты» ЖШС

 3 орын - Искаков Бауыржан, «Павлодар мұнай-химия зауыты» ЖШС

Үздік қырнаушы

 1 орын - Балғабаев Назар, «Қаражанбасмұнай» АҚ

 2 орын – Даулов Байжан, «ӨзенМұгайГаз» АҚ

 3 орын – Иман Рахат, «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ

Ұңғымаларды күрделі жөндеудің үздік бригадасы

1 орын — Аманиязов Расул, Көбен Балтабек, Ғабдуллин Нұрлыбек, Хасымбаев Ағабек, Кайпин Ергейсін, «Қаражанбасмұнай» АҚ

 2 орын - Тажмағамбетов Есет, Маденов Қуаныш, Бисембаев Бердібек, Жолдыбаев Нуржау, Бимағамбетов Алым, «ӨзенМұнайГаз» АҚ

 3 орын - Сапарбаев Аманбек, Сейткалиев Еркін, Муналбаев Абылаш, Елубаев Ермек, Ақболатов Жайық, «Oil Services Company» ЖШС

Ұңғымаларды жерасты жөндеудің үздік бригадасы

 1 орын - Муызағалиев Әлібек, Мұханбетов Әнес, Алагөзов Өтеулі, Мелекеев Тұрлан, «ЕмбіМұнайГаз» АҚ

 2 орын - Айдарханов Мақсат, Мырзабеков Зулқарнай, Наукебаев Нурлыбек, Есбагамбетов Махсет, «ӨзенМұнайГаз» АҚ

 3 орын - Тулеубаев Смадияр, Шупашев Арман, Алшынбай Асылбек, Байқабылов Қуантқан, «Қаражанбасмұнай» АҚ

Келесі жылы байқау «Қаражанбасмұнай» АҚ-да өтеді.

Вернуться назад

Комментарии

Оставить комментарий

Басқарма блогы

Лю Шаою
Бас директор
Ізмұханбет Ринат Нұрғожаұлы
Бас директордың бірінші орынбасары

Сауал қою