Қызылордалық мұнайшылар «Мозгобойня» зияткерлік ойын форматында жарысты

21 желтоқсан 2021

20 желтоқсанда Қазгермұнай Жас Мамандар Кеңесінің бастамасымен және «Қазгермұнай» БК» ЖШС жұмысшыларының жергілікті кәсіподағы» ҚБ қаржылық қолдауымен Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Мозгобойня» корпоративтік зияткерлік ойыны өткізілді. Ойын сегіз турдан тұрды: жалпы ой-өріс, қазіргі Қазақстан тарихы, кино және музыка, әдебиет және жарнама әлемін білу, логикалық тапсырмалар мен блиц-сұрақтар.

Турнирге қаланың мұнай компанияларынан жеті команда қатысты: «Торғай Петролеум» АҚ командасы, «Петро Қазақстан Құмкөл Ресорсиз» АҚ командасы, «Қор» ҰК АҚ командасы, «СНПС – Ай Дан Мұнай» АҚ командасы, «Тұзкөлмұнайгаз оперейтинг» ЖШС командасы, «Қазгермұнай» БК» ЖШС командасы және Қазгермұнай мен «Қор» қызметкерлерінен құралған «Сұр зат» командасы.

Ойынның жеңімпаздары мен жүлдегерлері:

1 орын және 100 000 теңге көлемінде ақшалай сыйлыққа «Петро Қазақстан Құмкөл Ресорсиз» АҚ командасы ие болды;

2 орын және 75 000 теңге көлемінде ақшалай сыйлыққа «Қор» ҰК АҚ командасы ие болды;

3 орын мен 50 000 теңге көлемінде ақшалай сыйлыққа «Сұр зат» құрама командасы ие болды.

Ойынның барлық қатысушылары үшін мерекелік фуршет ұйымдастырылды, барлық командалар құрмет дипломдарымен және сыйлықтармен марапатталды.

Вернуться назад

Комментарии

Оставить комментарий

Басқарма блогы

Лю Шаою
Бас директор
Ізмұханбет Ринат Нұрғожаұлы
Бас директордың бірінші орынбасары

Сауал қою