Үздік маман - 2015

12 тамыз 2015

Жанаөзен қаласында «Өзенмұнайгаз» АҚ, «Ембімұнайгаз» АҚ, «Қаражанбасмұнай» АҚ, «ҚазГерМұнай» БК ЖШС және сервистік «КРУЗ» компаниясының 58 қызметкері қатысқан «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» («ҚМГ БӨ»АҚ) еншілес және тәуелді ұйымдарының арасындағы жыл сайын өткізілетін VIII «Үздік маман» кәсіби біліктілік байқауы аяқталды.
Байқау теоретикалық және практикалық бөліктен тұрды. Байқауға қатысушылар 11 номинация бойынша сайысқа түсті: мұнай және газ өндіру операторы, ұңғымалардызерттеу операторы, мұнай дайындау операторы(тауар операторы), қабат қысымын ұстау операторы, ұңғымаларды жер асты жөндеу операторы (бригада), кеніштік жабдықтарды жөндеу операторы, газ-электр дәнекерлеуші, метал жонушы, электромонтер (бригада), химиялық анализ зертханашысы, сонымен бірге БӨЖжА темір ұстасы.

«Үздік маман - 2015» байқауының нәтижесі бойынша «Қазгермұнай» БК» ЖШС қызметкерлері төмендегі орындарға ие болды:
Мұнай және газ өндіру операторы – Әлжанов Т.Т. – IV орын
Ұңғымалардызерттеу операторы – Рассоленко С.В. – III орын
Мұнай дайындау операторы(тауар операторы)– Бектөреев Б.А. – II орын
Қабат қысымын ұстау операторы – Мұқатов Т.Н. – III орын
Кеніштік жабдықтарды жөндеу операторы – Абдыкаемов Б.У. – II орын
Газ-электр дәнекерлеуші – Әубәкіров Т.А. – IV орын
Метал жонушы – Қожамшүкіров О.К. – V орын
Электромонтер (бригада) – Ермаханов Г.А., Жүсіпов Е.К. и Николаев П.Е. – IV орын
Химиялық анализ зертханашысы – Сириченко И.А. – II орын
БӨЖжА темір ұстасы – Метиков П.Е. – II орын

«Үздік маман - 2015» байқауының жеңімпаздары төсбелгілермен, бағалы сыйлықтармен марапатталып, ақшалай сыйақы алды. Сонымен қатар байқау жеңімпаздары мен жүлдегерлерінің жалақысына алған жүлделі орындарына сәйкес бір жыл бойы тарифтік мөлшерлеменің 30%, 20% және 10% көлемінде қосымша ақы төленеді. 

 

 


 

Вернуться назад

Комментарии

Оставить комментарий

Басқарма блогы

Лю Шаою
Бас директор
Ізмұханбет Ринат Нұрғожаұлы
Бас директордың бірінші орынбасары

Сауал қою