«Үздік маман-2016» байқауы өтті.
24 маусым 2016
24-25 маусым күндері "Қазгермұнай"БК" ЖШС-нің Ақшабұлақ, Нұралы кен орындарында "Үздік маман-2016" кәсіби шеберлік байқауы өтті.
Байқаудың мақсаты - жұмысшылардың кәсіби шеберлігі мен біліктіліктігін арттыру. Сайыстың алғашқы күні теория (тест) жүзінде, екінші күні практика бойынша өтті. Сайысқа барлығы 77 жұмысшы қатысып, 11 номинация бойынша бақ сынасты. Жеңіске жеткен жұмысшылар арнайы компания басшылығының дипломдарымен марапатталып, «Қазмұнайгаз»Барлау Өндіру» компаниясының еншілес және тәуелді ұйымдары арасындағы «Үздік маман» кәсіби біліктілік байқауына қатысуға жолдама алды.
Дәстүрлі шара ретінде жалғасын тапқан мұндай байқаулардың басты мақсаты – үздіктерді анықтап, мақтап, мадақтап қою ғана емес. Ең бастысы, осындай дода бір салада еңбек ететін әріптестердің бір-бірімен тәжірибе алмасып, біліктіліктерін арттырып, шеберлігін шыңдау. Ал бүгінгі үздік маманның ертеңгі майталман мұнайшы болары сөзсіз.