Үздік түлектерге керемет сыйлықтар
19 маусым 2014
Кеше Нартай Бекежанов атындағы драма театрында Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Елеуұлы Көшербаевтың қатысуымен облыстың мектеп түлектеріне «Алтын белгі» құрметті атақтарын салтанатты түрде тапсыру рәсімі өтті. Аталған шарада «Қызмұнайгер» БК» ЖШС Бас директоры Медет Сәпиұлы Кәрім де қатысып, компания атынан оқу үздіктеріне ноутбуктерді сыйға тартты. Аталған құрметті атақты 64 адам иеленді. Осы ноутбуктарды алу үшін «Қазгермұнай» БК» ЖШС 5 200 000 теңге сомасында қаржы жаратты.