Жаңа жыл – барлығы үшін мереке
30 желтоқсан 2013
20-жылдықтағы 2014 жаңа жылды тойлау аясында «Қазгермұнай» БК» ЖШС «Регистан» мейрамханасында дамудағы ерекшеліктері бар балалар үшін қайырымдылық мерейтой өткізді.
Іс-шара күнде өз денсаулықтары үшін күрес жүргізетін ерекшеліктері бар балаларды қоғамға бейімдеу және оларға мереке сыйлау мақсатында ұйымдастырылды. Мерекені ұйымдастыру бойынша жұмыстарды Облыстық әкімшіліктің, мемлекеттік және коммерциялық ұйымдардың қолдауымен «Чернобыль және Арал балалары» ҚҚ ұйымдастырды. Басты демеуші болып «Қазгермұнай» БК» ЖШС аталды. Мерекеге 6 әлеуметтік НПО-мүгедек балаларды қолдау бойынша орталықтардан балалар қатысты.
Барлық қатысушыларға тәтті жаңа жылдық сыйлықтар таратылды. Балаларға мерекелік концерт қойылды және түрлі байқаулар ұйымдастырылды. Мерекенің қатысушыларының және олардың ата-аналарының алдында Экономика және қаржы жөніндегі бас директордың орынбасары Ши Хаоцзи және Бақылау департаментінің директоры Прмаганбетов Нұрбол Серикович сөз сөйледі. Олар осындай мүмкіндіктері шектеулі балалар үшін осындай мерейторлардың маңыздылығы туралы атап айтты және «Қазгермұнай» БК» ЖШС әлеуметтік жауапты кәсіпорын ретінде Қызылорда аймағының осындай балаларын қолдауға барлық жағдай жасайтындықтарын айтты. Сонымен қатар мерекені ұйымдастырушыларға «Чернобыль және Арал балалары» ҚҚ және «Фирма Best – Service LTD» ЖШС ұйымдарына алғыстарын айтты. Барлығы қайырымдылық науқанның барысында қала мектептерінің (№№197, 187, 233, 235 ОМ және №7 арнайы түзету интернаты) және әлеуметті НПО-ң («Жәрдем-Содействие» ҚБ, «Ару-Ана» ҚБ, «Көкжиек» НПО, «Алака-Нур» НПО, «Аңсаған», «Шапағат» НПО) 900 балаларына қайырымдылық сыйлықтар берілді.