Жаңа жылдық мерекелер және әлеуметтік маңызы бар іс-шаралар

31 желтоқсан 2015

 Қазгермұнай» БК ЖШС  баршаңызды келе жатқан 2016 Жаңа жылымен құттықтайды!

 
Мереке қарсаңында компания бірқатар қайырымдылық және әлеуметтік маңызы бар іс-шараларды ұйымдастырды.  23 желтоқсанда жанұялық үлгідегі «Атамекен» балалар ауылының тәрбиеленушілерін Қызылорда облысы Әкімдігінің қолдауымен «Арбат» мейрамханасында өткізілген жаңа жылдық кешке қатысуға мүмкүндік алды.  Балаларға жаңа жылдық сыйлықтар табысталды.
 
Сонымен қатар, компания тұрғындардың аз қамтамасыз етілген  және тұрмысы төмен отбасыларының балаларына, орта мектеп оқушыларына, жетім балаларға және қамқорлықты қажет ететін балаларға жаңа жылдық сыйлықтар тарату қайырымдылық ісіне қаржы бөлді.
 
Сондай ақ, Жас мамандар кеңесі Қызылорда қаласының және шет аймақтың тұрмысы төмен отбасыларының балаларына жаңа жылдық сыйлықтар сатып алып беру үшін компания қызметкерлерінен ерікті түрде қаржы жинады.
 
Сыйлықтарды тарату «Ел-Арай» жергілікті қоғамдық қорымен бірге жүзеге асырылды. 
31 желтоқсан күні компания өкілдері №7 Арнаулы түзету мектеп-интернатында ұйымдастырылған Жаңа жылдық шыршаға қатысты.  Балаларға компания атынан сыйлықтар таратылды.
 
28 желтоқсанда жергілікті әртістердің қатысуымен Ақшабұлақ және Нұралы кен орындарының қызметкерлеріне арналған жаңа жылдық іс-шара өткізілді.
 
  
   

Вернуться назад

Комментарии

Оставить комментарий

Басқарма блогы

Лю Шаою
Бас директор
Ізмұханбет Ринат Нұрғожаұлы
Бас директордың бірінші орынбасары

Сауал қою