Жаз да келіп қалды: «Қазгермұнай» қызметкерлерінің балаларына арналған іс-шаралар

25 маусым 2024

Жазғы мектеп демалысы кезінде «Қазгермұнай» дәстүрлі түрде қызметкерлердің балалары үшін корпоративтік іс-шаралар өткізеді, сондай-ақ олардың сауықтыру лагерьлерінде демалысын ұйымдастырады. Бұл бастамалар балаларға қолайлы жағдай жасауға және Компанияның корпоративтік әлеуметтік жауапкершілігінің маңызды аспектісі болып табылатын отбасылық байланыстарды нығайтуға көмектеседі.

Халықаралық балаларды қорғау күніне орай компания күні бойы жалға алған «KIDS PARK» ойын-сауық кешенінің кең ойын залында 5 пен 12 жас аралығындағы 280 балаға арналған мерекелік іс-шараның төрт сессиясы өтті. Балаларды аттракциондар, аниматорлары бар ойын-сауық, конкурстар мен сыйлықтар күтіп тұрды. Кешеннің бірінші қабатында мерекелік дастархан жайылды. Сонымен қатар, 14 жасқа дейінгі жұмысшылардың 800 баласы компаниядан естелік сыйлықтар алды.

19 маусымда Алматы қаласындағы «Ақ бұлақ» сауықтыру лагерінде алғашқы ағын аяқталды, онда «Қазгермұнай» қызметкерлерінің 45 баласы демалды. Осы маусымда компания екі бағыт бойынша: Алматы қ.және Көкшетау қ. 400-ден астам қызметкерді жолдамамен қамтамасыз етуді жоспарлап отыр.

22 маусымда 7-14 жас аралығындағы балалары бар жұмысшылардың отбасылары арасында «Пазл» интеллектуалды ойын-сауық ойыны өтті. Әрқайсысы 4 қатысушыдан тұратын командалар: Әке, ана және екі бала туған өлке мен Қазақстан тарихын білуде жарысып, география, әдебиет және логика бойынша сұрақтарға жауап берді. Байқаудың жеңімпаздары мен жүлдегерлері керемет эмоциялар мен көңіл-күйлерді ғана емес, сонымен қатар тұрмыстықкеңсе техникасын сатып алу үшін сыйлық сертификаттарын алды.

«Атамекен» отбасылық үлгідегі балалар ауылының тәрбиеленушілері туралы да Серіктестік Ұмытқан жоқ. «Байқоңыр» үйінің балалары тұрақты негізде «Қазгермұнайдан» демеушілік көмек алады. Осы жазда компания «Байқоңыр» үйіне қажетті тұрмыстық техниканы сатып алып, балаларға мерекелік дастархан жайды.

Вернуться назад

Комментарии

Оставить комментарий

Басқарма блогы

Киякбаев Зияш Калдыбекович
Бас директор
Лю Шаою
Бас директордың бірінші орынбасары

Сауал қою