Жер мәселесі бойынша түсіндіру жұмыстары.

20 мамыр 2016

Ақшабұлақ кенішінде ҚГМ қызметкерлерінің, Ақшабұлақ, Нұралы және Ақсай кеніштерінде жұмыс жасап жатқан мердігер компаниялардың, Қызылорда облысының еңбек саласындағы бақылау Басқармасы басшысының орынбасары У.И. Хасанов және Қызылорда облыстық Кәсіподақ орталығы төрағасының орынбасары М.К.Борынбаевтың қатысуымен кездесу өткізілді. Кездесудің мақсаты ҚР Жер кодексіне (жер заңнамасының нормалары) енгізілетін өзгерістер жөнінде түсініктеме беру болды.

Кездесу барысында жоғарыда аталған облыстық ақпараттық топ өкілдерімен соңғы уақытта қоғамның назарын аудартып отырған  жер мәселесі жөніндегі өткір сұрақтар бойынша толық мәлімет берілді.
Қатысушылар тарапынан қойылған барлық сұрақтарға нақты, толық жауаптар берілді. Осы кездесу ҚР Жер кодексіне енгізілетін өзгерістерді қызметерлердің дұрыс түсінуіне ықпал етті.
 
Кездесу қорытындысы бойынша қатысушылар қажетті мәліметті алып, өздерін қызықтыратын бірқатар мәселелерді анықтады, енгізілетін өзгерістердің маңыздылығы мен пайдасын түсіне отырып жер заңдылығына енгізілетін өзгерістерді бірауыздан қолдады.
 
Аталған кездесу Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың жер мәселесі бойынша халық арасында  ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізуді күшейту жөніндегі тапсырмасы бойынша Қызылорда облысы әкімдігінің  бастамасымен «Қазгермұнай» БК»ЖШС өткізілді.

Қосымша мәліметті арнайы  www.jerturaly.kz веб-сайтынан ала аласыз.

 

   

   

Вернуться назад

Комментарии

Оставить комментарий

Басқарма блогы

Киякбаев Зияш Калдыбекович
Бас директор
Мин Хайхуэй
Бас директордың бірінші орынбасары

Сауал қою