Жеңіс күні
05 мамыр 2017
КГМ Жеңіс күніне арнап жыл сайын өткізілетін «Сіздер - бізге бейбітшілік сыйладыңыз!» атты қайырымдылық акциясын ұйымдастырды.
Мереке қарсаныңда КГМ Басқармасы атынан бас директор Жэнь Лисинь, бас директордың бірінші орынбасары Кәрім Медет Сапиұлы және бас директордың жалпы мәселелер бойынша орынбасары Көшербаев Айтбай Көшербайұлы Қызылорда қаласында тұратын Ұлы Отан соғысының құрметті ардагерлерімен кездесті. Компания басшылығы жеке құттықтап және сыйлық тапсыру үшін кездескен Қызылорданың құрметті ақсақалдарының ішінде Қызылордалықтарға белгілі қаһармандар Қалиев Ідіріс, Құлманов Бөрібай, Оразов Танеш және тағы басқа соғыс майдангерлері бар. Ардагерлер мен олардың отбасылары біздің әріптестерімізді қонақжайлылықпен қарсы алды, соғыс жылдарын, Отан үшін ерлік, батылдықпен шайқасқандарды дастархан басында әңгімелесіп еске алды.
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
Жеңіс күнімен құттықтаймыз!
Барлығыңызға жақсылық, бақыт және ашық аспан тілейміз!