Жеңіс күні меркесіне орай ұйымдастырылған «Бізге өмір сыйладыңыздар!» атты қайырымдылық акциясы!

04 мамыр 2016

ҚГМ жыл сайынғы қалыптасқан дәстүр бойынша  Ұлы Отан  соғысының Жеңісі күні меркесіне орай  «Бізге өмір сыйладыңыздар!» атты қайырымдылық акциясын ұйымдастырды.

 
Мереке қарсаңында компания Басшыларыбас директордың міндетін атқарушы Ся Шицзюнь, бас директордың бірінші орынбасары Медет Сәпиұлы Кәрім, бас директордың жалпы мәселелер жөніндегі орынбасары Көшербаев Айтбай Көшербайұлы және әлеуметтік даму бөлімінің басшысы Ысқақова Алтынхан Орыншайхқызы қаладағы құрметті соғыс ардагерлерінің үйлеріне барып, мерекемен құттықтады.
 
Компания басшылары құттықтап, сыйлық табыстауға барған қаланың құрметті ақсақалдарының ішінде қызылордалық белгілі батырлар  Ыдырыс Қалиев, Бөрібай Құлманов, Танеш Оразов және басқа соғыс ардагерлері бар. Ардагерлер мен олардың жанұлары қонақтарды ерекше қонақжайлықпен қарсы алды, дастархан басында соғыс жылдарындағы Отан қорғау және Жеңіске жету жолындағы ерліктер жөніндегі естеліктерімен бөлісті. 
Сонымен бірге, Жас мамандар кеңесінің мүшелері Облыстық еңбек және әлеуметтік қорғау Департаменті берген тізімге сәйкес қала сыртында тұратын ардагерлерге барып шықты.

Акция аясында 20 ардагерге компания Басшылары атынан құттықтау хаттары, гүл шоқтары, тәттілер берілді, сонымен қатар әрқайсысына 100 000 теңге көлемінде қаржылай қолдау көрсетілді. 

  

  

  

Вернуться назад

Комментарии

Оставить комментарий

Басқарма блогы

Лю Шаою
Бас директор
Ізмұханбет Ринат Нұрғожаұлы
Бас директордың бірінші орынбасары

Сауал қою