Жеңіс күні

05 мамыр 2018

Жеңіс күні құтты болсын!

  Бұл күн – Отанымызды қорғап қалған, қалалар мен ауылдардағы соғыс зардабын қалпына келтірген батырларымызды еске алатын күн. Бұл күні өз ерлігі үлгісімен келесі ұрпақ бойына туған елге деген сүйіспеншілік сезімін қалыптастырған ардагерлерімізге ерекше алғыс білдіреміз.

  Құрметті ардагерлер, отандастар, «Қазгермұнай» БК» ЖШС еңбек ұжымы атынан Сіздерге зор денсаулық, ұзақ өмір және бейбіт аспан тілейміз!

  Жеңіс күні және Отан қорғаушылар күні мейрамдары қарсаңында, Серіктестік қызметкерлері Қызылорда қ.-да тұратын ҰОС және тыл ардагерлеріне естелік сыйлық тапсыру үшін кіріп шықты. Жыл сайынғы дәстүр бойынша, Серіктестікпен 20-дан аса ардагерлерге әр қайсысына 100 000 тг-ден материалдық көмек көрсетілді.

  Сондай-ақ, ү.ж. 26 сәуір күні Серіктестік Қызылорда облысы Сырдария ауданы Тереңөзек кентінде ақсақалдар үшін мерекелік түскі ас ұйымдастырды. Іс-шара барысында жергілікті әкімшілік басшысы аудан әкімі Қазантаев Ғ.К. мен қоғам өкілдері, ақсақалдар және ауданның құрметті тұрғындары Серіктестік басшылығына бас директордың бірінші орынбасары Қайржан Е. мырзаға көрсетілген сый-құрмет үшін алғыс білдірді.  

  

  

Вернуться назад

Комментарии

Оставить комментарий

Басқарма блогы

Лю Шаою
Бас директор
Ізмұханбет Ринат Нұрғожаұлы
Бас директордың бірінші орынбасары

Сауал қою