Жеңіс күніне арналған «Қарттарым - асыл қазына» акциясы

11 мамыр 2021

«Қазгермұнай» БК» ЖШС Жеңіс күні қарсаңында «Қарттарым - асыл қазына»

акциясын өткізді. Серіктестіктің Әлеуметтік саясат және шаруашылық қамтамасыз ету департаменті мен Жас мамандар кеңесінің қызметкерлері Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне барып, оларға гүлдер, шайға тәтті жиынтықтар мен ақшалай сыйлықтар табыс етті.

Қазіргі уақытта Қызылорда облысында Ұлы Отан соғысының 11 ардагері тұрады. Компания 1925 жылы туылған Сатыбалдиев Әбдірауықты, 1925 жылы туылған Колесник Любовь Сергеевнаны, 1925 жылы туылған Байтиков Абдрахманды, 1923 жылы туылған Жүнісов Төлегенді құттықтады.

Сондай-ақ 9 мамырда Қазгермұнай бас директоры Мұрат Мұстафаев пен бас директордың кадр және әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары Мұхамеджан Сәрсенбаев компания атынан "Мәңгілік алауға" гүл шоқтарын қойды.

Бұл акцияны серіктестік жыл сайын өткізеді. Өкінішке орай, жыл сайын ардагерлер саны азайып келеді. 2019 жылы компания 13 ҰОС ардагеріне, 2020 жылы 9 ардагерге барды, ал 2021 жылы Қызылордада барлығы 5 ҰОС ардагері қалды.

 

Вернуться назад

Комментарии

Оставить комментарий

Басқарма блогы

Лю Шаою
Бас директор
Ізмұханбет Ринат Нұрғожаұлы
Бас директордың бірінші орынбасары

Сауал қою