Жұмыскерлердің балаларына арналған өндірістік қауіпсіздік бойынша интерактивті мастер-класс
02 желтоқсан 2024
«Қазгермұнай» БК» ЖШС-де компания жұмыскерлерінің балаларына арналған өндірістік қауіпсіздік бойынша интерактивті мастер-класс өткізілді. Ол үшін оларды серіктестіктің кеңсесіне шақырды, онда олар қауіпсіздік техникасы сыныбы мен кәсіпорын мұражайына апарып таныстырды. Балаларға кіріспе брифинг және ҚГМ-ның өндірістік объектілерінде болудың негізгі ережелері бойынша бейнероликтер, «Ақшабұлақ» кен орнының бас өнеркәсіптік цехтарының макеттері (газ дайындау және тасымалдау цехы, мұнай айдауды дайындау цехы) көрсетілді, компанияның кәсіпшілігінде пайдаланылатын жеке қорғаныс құралдарымен, сондай-ақ оларды қолдану тәсілдері мен себептерімен таныстырылды.
- Мен осындай қызықты және танымдық іс-шараға қатысқаныма қуаныштымын. Компанияда қауіпсіздік техникасы үшін жауап беретін әкемнің әріптестері бізге көрсеткен және айтқандарының арқасында мен жеке өзім мұнай компаниясында жұмыс істеу бәріміз ойлағандай беделді жұмыс қана емес, өте қауіпті және өте жауапты іс екенін түсіндім, - деп өз әсерімен бөлісті он екі жасар Құлмұратов Ислам.
Іс-шара 2024 - 2027 жылдарға арналған «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ компаниялар тобында өндірістік қауіпсіздіктің, еңбекті және қоршаған ортаны қорғаудың жай-күйін жақсарту жөніндегі бекітілген жол картасы, еңбек қауіпсіздігі, еңбекті және қоршаған ортаны қорғау қағидаларын процестерге тарту және коммуникацияны арттыру жөніндегі пунктті орындау шеңберінде өткізілді.