Абдуллаева Гүлнәр Ақжігітқызы – логистика және материалдық-техникалық жабдықтау бөлімінің жетекші инженері

2021 жылғы 9 тамызда логистика және материалдық-техникалық жабдықтау бөлімінің жетекші инженері – Абдуллаева Гүлнәр Ақжігітқызын құрметті демалысқа шығарып салдық. Абдуллаева Г. А. «Қазгермұнай» БК» ЖШС-де 17 жыл жұмыс істеді, бұл ретте оның жалпы жұмыс өтілі 41 жылды құрады.

Абдуллаева Гүлнәр Қызылорда политехникумын «Техник-гидротехник» мамандығы бойынша, кейін Жамбыл гидромелиоративтік институтын инженер-экономист мамандығы бойынша бітірген. «Қазгермұнай» БК» ЖШС-не жұмысқа кеден мәселелері бойынша логистика бөлімінің қызметкері болып қабылданды, содан кейін бірінші санаттағы маман, материалдық-техникалық жабдықтау бөлімінің инженері болды. МТЖ бөлімінің жетекші инженері болып 2013 жылы ауыстырылды.

Басқарма блогы

Лю Шаою
Бас директор
Ізмұханбет Ринат Нұрғожаұлы
Бас директордың бірінші орынбасары

Сауал қою