Адилов Бекжігіт Имамбекұлы – мұнай мен газ өндіру операторы
2025 жылдың 14 наурызында біз Адилов Бекжігіт Имамбекұлы – мұнай мен газ өндіру операторын зейнетке шығарып салдық. Б. И. Адилов «Қазгермұнай» БК» ЖШС-інде 22 жыл еңбек етті, ал жалпы еңбек өтілі 46 жылды құрайды.
Бекжігіт Имамбекұлы 1992 жылы И. Жахаев атындағы Қызылорда инженерлік-құрылыс институтын агроөнеркәсіптік өндіріс мамандығы бойынша бітіріп, инженер-құрылысшы біліктілігін алды.
Еңбек жолын 1979 жылы шебер болып бастады. Кейін 7 жыл жүргізуші болды. 1992-2003 жылдар аралығында Құмкөл кен орнында монтажшы, құрылыс шебері, дәнекерлеу шебері болып жұмыс істеді. 2003 жылы «Қазгермұнай» БК» ЖШС -не дәнекерлеуші болып қабылданды. 2014 жылдың қазан айынан бастап мұнай мен газ өндіру операторы қызметіне ауыстырылды.
Компаниядағы еңбек жылдары ішінде келесі марапаттарға ие болды: 2017 жылы Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай «ҚазМұнайГаз» АҚ РД Құрмет грамотасы, 2019 жылы компанияның 20 жылдығына орай «ҚазМұнайГаз» АҚ РД Құрмет грамотасы, 2024 жылы Қазақстан мұнайының 125 жылдығына орай Энергетика министрлігінің мерейтойлық медалімен марапатталды.