Ахметов Асылхан Шәкиұлы – Капиталдық құрылыс департаментінің жетекші инженері

2026 жылдың 23 қаңтарында Капиталдық құрылыс департаментінің жетекші инженері Ахметов Асылхан Шәкиұлын зейнеткерлікке шығарып салды.
Асылхан Шәкиұлының жалпы еңбек өтілі 40 жылдан асады, оның 17 жылын капиталдық құрылыс, жобалау және мұнай-газ саласында еңбек етуге арнады.
Асылхан Шәкиұлы Жамбыл технологиялық институтында «инженер-химик-технолог» мамандығын бітірген, сонымен қатар Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде мұнай-газ ісі және құрылыс саласы бойынша жоғары білім алған.
Жылдар бойы өнеркәсіптік, азаматтық және инфрақұрылымдық нысандарды, оның ішінде газбен жабдықтау жүйелері мен ірі мұнай-газ нысандарын салумен айналысатын ұйымдарда учаске шебері, инженер, өндірістік-техникалық бөлімнің бастығы, бас маман және сапаны бақылау жөніндегі инженер қызметтерін атқарды. Ол мұнай кен орындарын игеру, өндірістік қуаттарды кеңейту мен жаңғырту, сондай-ақ әлеуметтік және өндірістік нысандарды салу жобаларын іске асыруға белсене қатысты.
Өзінің адал еңбегі мен компанияның дамуына қосқан үлесі үшін келесі марапаттарға ие болды: 2010 жылы Мұнайшылар күніне орай Компания Басқармасының Құрмет грамотасымен; 2015 жылы Мұнайшылар күніне орай Компания Басқармасының Алғыс хатымен; 2016 жылы Құрылысшылар күніне орай KAZENERGY Құрмет грамотасымен; 2023 жылы «Қазгермұнай» компаниясының 30 жылдық мерейтойына орай Компания Басқармасының Алғыс хатымен; 2024 жылы Қызылорда облысы әкімінің Құрмет грамотасымен марапатталды.

