Алияскаров Сағылат Әлімбайұлы- қозғалыс қауіпсіздігі жөніндегі инженер, Ақшабұлақ кен орны
2022 жылғы 14 қарашада Ақшабұлақ кен орнында, қозғалыс қауіпсіздігі жөніндегі инженер - Әлиаскаров Сағылат Әлімбайұлы еңбек демалысына шықты. Сағылат Әлімбайұлының жалпы жұмыс өтілі 39 жылды құрады оның 16 жылын «Қазгермұнай» БК» ЖШС де жұмыс істеді.
Сағилат Әлімбайұлы еңбек жолын 1983 жылы Қызылорда "Агрореммаш"Жөндеу-механикалық зауытында екінші санатты инженер-технолог болып бастаған. "Қазгермұнай" БК " ЖШС 2006 жылы Ақшабұлақ кен орны терминалының операторы болып қабылданды. 2012 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін қозғалыс қауіпсіздігі инженері қызметін атқарды.
Қазақстанның мұнай және газ өнеркәсібі қызметкерлері күніне орай Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігінің Құрмет грамотасымен марапатталды.