Қасенов Қайролла Жекейұлы – қабат қысымын ұстап тұру жөніндегі оператор

31 қаңтар күні Ақшабұлақ кен орнының қабат қысымын ұстап тұру операторы Қасенов Қайролла Жекейұлын зейнеткерлік демалысқа шығарып салды.
Қайролла Жекейұлының арнаулы орта білімі бар. 2006 жылы Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетін «Инженер-механик (РЭНГМ)» мамандығы бойынша бітірген.
«Қазгермұнай» БК» ЖШС-де 1999 жылдан бастап жұмыс жасады. Жұмыс істеген жылдары вахтерден мұнай және газ өндіру операторына дейінгі жолдан өтіп, 2009 жылдан бастап Ақшабұлақ кен орнында қабат қысымын ұстап тұру операторы болып еңбек етті. Компаниядағы жалпы жұмыс өтілі 26 жылдан асады.
Көп жылғы адал еңбегі үшін Қайролла Жекейұлы келесі марапаттарға ие болды: 2015 жылы Мұнайшылар күніне орай «ҚазМұнайГаз» БӨ» АҚ Құрмет грамотасы; 2019 жылы «Қазақстан мұнайына 120 жыл» мерекелік медалі; 2021 жылы Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай Компания Басқармасының Құрмет грамотасы; 2025 жылы Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Алғыс хаты.

