Айменова Әсемкүл Дүйсембайқызы

Айменова Әсемкүл Дүйсембайқызы -  ЖҚжТСД-нің тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алу жөніндегі келісімшарттар бөлімінің жетекші инженері

2023 жылғы 11 желтоқсанда «Қазгермұнай» БК ЖСШ қызметкерлері ЖҚжТСД-нің тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алу жөніндегі келісімшарттар бөлімінің жетекші инженері Айменова Әсемкүл Дүйсембайқызын құрметті зейнеткерлік демалысына шығарып салды. Әсемкүл Дүйсембайқызы "Қазгермұнай" БК "ЖШС-де 23 жыл жұмыс істеген, жалпы еңбек өтілі 38 жылды құрайды.

Еңбек жолын №23 орта мектепте ағылшын және француз тілдерінің мұғалімі болып бастаған. 1998-2000 жылдар аралығында «Westship» Бельгиялық компания өкілдігінде әкімшілік үйлестіруші болды. "Қазгермұнай" БК "ЖШС Компаниясына 2000 жылы шетелдік сатып алу бөлімінің маманы лауазымына қабылданды. 2006 жылы жабдықтау бөлімінің жетекші маманы лауазымына ауыстырылды. 2013 жылдан бастап ЖҚжТСД-нің тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алу бойынша келісімшарттар бөлімінің жетекші инженері.

Компанияда жұмыс істегені үшін: 2012 жылы «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ Құрмет Грамотасымен, 2023 жылы «Қазгермұнай» БК» ЖШС Құрмет Грамотасымен, Компанияның 30 жылдығына орай Қазақстан Республикасы Энергетика Министрлігінің" Мұнай-газ саласының еңбек сіңірген қызметкері» Медалімен марапатталды.

Басқарма блогы

Лю Шаою
Бас директор
Ізмұханбет Ринат Нұрғожаұлы
Бас директордың бірінші орынбасары

Сауал қою