Қайыпов Ерсейіт Жолмырзаұлы

Қайыпов Ерсейіт Жолмырзаұлы 1988 жылдың 1 маусымында дүниеге келген. 2011 жылы Қытай Мұнай университетін (Бейжің қ., ҚХР) «Мұнай-газ кен орындарын игеру және пайдалану» мамандығы бойынша тәмамдаған. 2012 жылы Абердин университетінің (Шотландия, Ұлыбритания) магистратурасын «Мұнай-газ кен орындарын барлау, игеру және өндіру» мамандығы бойынша аяқтаған. Сонымен қатар «Халықаралық экономика және сауда» және «Құқықтану» мамандықтары бойынша жоғары білімі бар.

Еңбек жолын 2012 жылы «ПетроҚазақстан Құмкөл Ресорсиз» АҚ Материалдық ресурстар басқармасында материалдарды бақылау жөніндегі маман қызметінен бастаған.

2013–2016 жылдары «ПетроҚазақстан Құмкөл Ресорсиз» АҚ Мұнай және газ өндіру департаментінде қабаттарды игеру инженері болып жұмыс істеген.

2016–2017 жылдары «Қазгермұнай» БК» ЖШС Геология және игеру департаментінің кен орындарын модельдеу қызметінің 1 санатты инженері қызметін атқарған.

2017–2022 жылдары «KazPetrol Group» ЖШС-де игеру және модельдеу департаменті директорының орынбасары болып еңбек етті.

2022 жылы «Кул-Бас» ЖШС / «DMS Services» ЖШС-нің бас директоры қызметін атқарған.

2022 жылдың қараша айынан бастап 2026 жылдың мамырына дейін «Азиялық Газ Құбыры» ЖШС-нің Басқарма төрағасы қызметін атқарған.

Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясының иегері. «Қазақстан мұнайына 120 жыл», «Мұнай-газ кешенін дамытуға қосқан үлесі үшін», «Газ саласының үздігі, I дәрежелі», «СНПС Достығы», «Кәсіподақтар қозғалысына 120 жыл», «QazaqGaz Ұлттық компаниясы 25 жыл» медальдарымен марапатталған.

Басқарма блогы

Қайыпов Ерсейіт Жолмырзаұлы
Бас директор
Мин Хайхуэй
Бас директордың бірінші орынбасары

Сауал қою