Бахытжан Қартанбайұлы Тыханов – көлік диспетчері

17 қазан 2025 жылы зейнетке шыққан Бахытжан Қартанбайұлы Тыхановты әріптестері салтанатты түрде шығарып салды. Оның жалпы еңбек өтілі 44 жыл, оның 25 жылын «Қазгермұнай» БК» ЖШС-да еңбек етті.

Бахытжан Қартанбайұлы 2013 жылы Қызылорда агроколледжін «Техник-механик. Автомобильдерге техникалық қызмет көрсету және жөндеу» мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 1980 жылы Қызылорда гидрогеологиялық экспедициясында бұрғылаушы болып бастаған, одан кейін «Талап» АҚ-да жүргізуші болып жұмыс істеді. 2000 жылдан бастап «Қазгермұнай» БК» ЖШС-ға ішкі жану қозғалтқыштарының машинисі болып қабылданды. Зейнетке шыққанға дейін көлік диспетчері қызметін атқарды.

Компаниядағы еңбек жылдарында: 2013 жылы компанияның 20 жылдығына орай «Қазгермұнай» БК» ЖШС-ның Құрмет грамотасы, 2016 жылы Наурыз мерекесіне орай «Қазгермұнай» БК» ЖШС-ның Құрмет грамотасы, 2023 жылы Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің «Еңбек ардагері» медалімен марапатталды.

Басқарма блогы

Қайыпов Ерсейіт Жолмырзаұлы
Бас директор (Басқарма төрағасы)
Мин Хайхуэй
Бас директордың бірінші орынбасары (Басқарма мүшесі)

Сауал қою