Бекхожаев Әлқожа Қожахметұлы

Бекхожаев Әлқожа Қожахметұлы – Ақшабұлақ кен орнының газ дайындау және тасымалдау цехының ауысым басшысы

2023 жылдың 4 қаңтарында Ақшабұлақ кен орнынң газ дайындау және тасымалдау цехының ауысым басшысы Бекхожаев Әлқожа Қожахметұлы  еңбек  демалысына шығарылды. Әлқожа Қожахметұлының жалпы еңбек өтілі 45 жыл оның 17 жылын  «Қазгермұнай» БК» ЖШС-де жұмыс істеді,                     

Әлқожа Қожахметұлы 1989 жылы Қазақ ауылшаруашылық институтын, 1998 жылы Қызылорда аграрлық-техникалық техникумын инженер-механик және мұнай және газ ұңғымаларын бұрғылау жөніндегі инженер-технолог мамандықтары бойынша бітірді. «Қазгермұнай» БК» ЖШС-де 2005 жылы газ дайындау және тасымалдау цехының операторы болып жұмыс істей бастады. 2010 жылы газ дайындау және тасымалдау цехының ауысым басшысы қызметіне дейін көтерілді. Қазақстанның Тәуелсіздік күніне орай Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің «Мұнай-газ кешінің дамытуға қосқан үлесі үшін» медалімен марапатталды.

Басқарма блогы

Киякбаев Зияш Калдыбекович
Бас директор
Мин Хайхуэй
Бас директордың бірінші орынбасары

Сауал қою