Бижанов Нұрлан Базарбайұлы – еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы жөніндегі жетекші инженер

2025 жылғы 21 тамызда еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы жөніндегі жетекші инженер Бижанов Нұрлан Базарбайұлы зейнеткерлік демалысқа шығарылды. Оның жалпы еңбек өтілі 45 жыл, оның 17 жылын «Қазгермұнай» БК» ЖШС-да жұмыс істеген.

Нұрлан Базарбайұлы Қызылорда совхоз-техникумын «Зоотехника» мамандығы бойынша, сондай-ақ Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетін «Мұнай және газ кен орындарын игеру және пайдалану» мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 1979 жылы Қызылорда ет комбинатында слесарь болып бастаған. Әр жылдары өндірістік және мемлекеттік құрылымдарда экология, еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы саласында инженерлік және басшылық лауазымдарда жұмыс істеді. 2008 жылдан бастап «Қазгермұнай» БК» ЖШС-да еңбек етті, ал 2017 жылдан бастап еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы жөніндегі жетекші инженер қызметін атқарып келеді.

Компанияда жұмыс істеген жылдары ол: 2013 жылы KAZENERGY қауымдастығының компанияның 20 жылдығына орай Құрмет грамотасымен, 2016 жылы Жаңа жыл мерекесіне орай «Қазгермұнай» БК» ЖШС Құрмет грамотасымен, 2021 жылы COVID-19-дан қызметкерлерді вакцинациялауға белсенді қатысқаны үшін Алғыс хатпен, 2021 жылы ҚР Тәуелсіздік күніне орай Басқарманың Құрмет грамотасымен, 2023 жылы ҚР Энергетика министрлігінің «Еңбек ардагері» медалімен марапатталды.

Басқарма блогы

Киякбаев Зияш Калдыбекович
Бас директор
Мин Хайхуэй
Бас директордың бірінші орынбасары

Сауал қою