Доспенбетов Балтабай Жұмаділұлы – байланыс инженері

2025 жылдың 27 қазанында Балтабай Жұмаділұлы Доспенбетов зейнетке шықты. Оның жалпы еңбек өтілі 36 жыл, оның 15 жылын «Қазгермұнай» БК» ЖШС компаниясында еңбек етті.

Балтабай Жұмаділұлы М.И. Неделин атындағы Ленин электротехникалық байланыс техникумын «Телевизиялық техника және радиорелейлік байланыс» мамандығы бойынша бітірген. Әр жылдары Қызылорда облыстық радиоорталығында, телекоммуникациялардың облыстық дирекциясында электромонтер, электромеханик, аға электромеханик және инженер болып жұмыс істеді, сонымен қатар қазандық қондырғыларына қызмет көрсетумен айналысты. 2010 жылдан бастап «Қазгермұнай» БК» ЖШС-да байланыс инженері болып жұмыс істеді.

Еңбек жылдарында бірнеше марапаттарға ие болды: 2017 жылы «ҚазМұнайГаз» БӨ» АҚ Құрмет грамотасы, 2022 жылы Қазақстан Республикасы мұнай-газ кешені қызметкерлері күніне орай «ПетроҚазақстан Құмкөл Ресорсиз» АҚ Құрмет грамотасы, 2024 жылы «Самұрық-Қазына» АҚ Құрмет грамотасы. 2025 жылы Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің «Еңбек ардагері» медалі.

Басқарма блогы

Киякбаев Зияш Калдыбекович
Бас директор
Мин Хайхуэй
Бас директордың бірінші орынбасары

Сауал қою